•  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • A
  • A
  • Қазақша
  • Русский
logo

Сәтбаев

қаласының ветеринария бөлімі

  • Басты
  • Мемлекет
    • Мемлекеттік қызмет
      • Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі
      • Мемлекеттік қызметтің оң бедел-бейнесін қалыптастыру және нығайту
      • Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары
    • Жемқорлыққа қарсы мәселелер
    • Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
  • Жаңалықтар
  • Басқару
    • Құрылымы
    • Сенiм телефоны
    • «Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
    • Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары
  • Байланыс ақпарат
  • Мемлекеттік қызмет көрсетулер
  • Басты
  • Мемлекет
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

  • 10.04.2015

flagТу – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Үкіметтік ресурстар

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық сайты
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі  
path name
  • Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 5 октября 2018 г.
Сәтбаев қаласы «Ветеринария бөлімі» ММ-і басшысы Ә.Т. Әбдікер
Сәлемдесу сөзі
ҚР мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні

Халықтың пікірін сұрау

100rus

Жаңалықтардың таратуына мiндеттеме қолхат

  • http://www.akorda.kz/ru
  • http://uprvetgovkrg.kz/
  • https://expo2017astana.com
  • http://egov.kz
  • http://www.damu.kz
  • http://adilet.zan.kz/
  • http://palata.kz/
  • http://www.kazagro.kz/

© 2016 Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна

Сайт разработали и поддерживают в Интернет-компании «BAINET»